Құқық қорғау органы басшылығына резервте тұрған қызметкерлерге курстар өткізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамызда Астана қаласында ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін екінші кәсіби деңгейді арттыру курстарының ашылу салтанаты өтеді.
Академия баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқытудың негізгі мақсаты - тыңдаушылардың басқарушы лауазымға тағайындалуы үшін қажетті кәсіби дағдылары мен басқару біліктілігін жетілдіру.
Шараның ашылуына ҚР Бас прокуратурасы, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті басшылары, жетекші ғалымдар, халықаралық сарапшылар және т.б. қатысады.