Құқық қорғау органына жұмысқа тұратындар міндетті полиграфологиялық зерттеуден өтеді - Мәжіліс

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
None
None

Аталған құжат құқық қорғау органдары қызметкерлерін жұмысқа қабылдаған кезде полиграфологиялық зерттеуді қолдануды заңнамалық реттеуге бағытталатын мұндай тапсырманы Мемлекет басшысы 2011 жылғы 17 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқасында тапсырған болатын.

Заң жобасы бойынша құқық қорғау органдарына қызметке тұруға кандидаттардың міндетті түрде полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібі заңнамалық тұрғыда бекітіледі.

Бұдан бөлек құжатта «полиграфологиялық зерттеу» ұғымы нақтыланып, құқық қорғау қызметіне кандидатты полиграфта тексеруді психофизиологиялық куәлендірудің бір бөлігі ретінде танылу ұсынылады.

Сонымен қатар заң қолданылатын жекелеген ұғымдар нақтыланып, бірінші арнаулы атақ беру, бір құқық қорғау органынан екіншісіне ауысқан кезде жоғары арнаулы атақтар мен сыныптық шендерді теңестіру тәртібі реттеледі.

Соңғы жаңалықтар