«Құқық қорғау саласына шектеу қойылды» - баспасөзге шолу

АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 25 қаңтар, жұма күні жарық көрген өзекті мақалаларға шолуды ұсынады.

«Құқық қорғау саласына шектеу қойылды» - баспасөзге шолу

*** «Кеше Астанада Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Онда осы ведомствоның басшысы Қалмұханбет Қасымов Қазақстан полициясының өткен жылы жүзеге асырған жұмыстары мен алдағы атқаратын міндеттеріне тоқталып өтті», - деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті сенбілік санындағы «Қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігі» атты мақаласында. Алқа мәжісінде негізгі баяндама жасаған министрдің мәлімдеуінше, өткен жылы еліміздегі аса ауыр қылмыстар саны 15 пайызға, кісі өлтіру - 12, тонау - 7, қарақшылық 18 пайызға қысқарған. Кәмелеттік жасқа толмағандар тарапынан жасалатын қылмыстар 8 пайызға, қару қолдану арқылы жасалған қылмыстар 11 пайызға азайған. Жалпы санаттағы қылмыстардың статистикалық өлшемі онша ауыр емес және ауырлығы орташа (бұзақылық, алаяқтық және ұрлық) қылмыстардың 26 пайызға өсуінің негізгі себебі қылмыстарды тіркеу саласындағы саясаттың өзгеруі болып отырған көрінеді. Жиынды қорытындылаған Премьер-Министр өз сөзінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, тергеу және талдау жұмыстарының сапасын көтеру мәселелеріне назар аударды. Осыған байланыс¬ты, министрлікке құқық бұзу¬шы¬лық¬тың алдын алудың жаңа бағдарламасын қабылдау жө¬нін¬де ұсыныстар енгізу, әкім¬дік¬термен бірлесе отырып, бірінші жартыжылдықтың соңына дейін орта мерзімдік кезеңге арналған Өңірлік бағдарламаны бекіту жөнінде тапсырма берді. «Олар жай ғана әйгілеу сипатында болмау керек. Қазіргі жағдайларды есепке ала отырып, нақты шаралар көрсетілуі керек. Бұл жөнінде егер сіздерге шетелдік қылмыспен күрес мамандарының тәжірибесі қажет болса, оларды да осы іске тартуға болады», - деп атап өтті С.Ахметов. Осы басылымның жазуынша, «Нұр Отан» партиясының жем¬қор-лыққа қарсы жаңа бағдарламасы үс¬тіміздегі жылдың бірінші жартысында әзірленеді. Бұл жөнінде кеше пар¬тия жанындағы Жем-қор¬лыққа қар¬сы күрес республикалық қоғам¬дық кеңесінің 2013 жылды қорытын¬ды¬лаған отырысында белгілі болды. «Жалпы, 2013 жылы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері мен әртүрлі деңгейдегі соттардың заңсыз шешіміне қатысты азаматтардан 4243 арыз бен өтініш келіп түскені белгілі болды. Соның жартысынан астамы (67 пайызы) құқық қорғау органдары мен әкімдіктер және партия мүшелерінің қызметі шеңберінде қарастырылыпты. Бұл ретте Жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері өңірлік және аумақтық кеңес жұмыстарының жұмысын белсенділендіре түсу қажеттігіне ерекше ден қойды. Мысалы, сенатор Қуаныш Айтаханов 225 аумақтық қоғамдық кеңес бір жылда 566-ақ отырыс және 177 ғана жеке қабылдаулар өткізгендігін өткір сынға алды», - деп жазады басылым. Мақала «Күресте белсенділік ауадай қажет» деген тақырыппен берілген. *** «Айқын» газетінің бүгінгі санында медицина ғылымдарының докторы, профессор Алмаз Шармановпен арадағы сұхбат «Ұлттық медицина өзге елдерден көш бойы озық» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалына тұшымды жауап берген ол: «Мені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет арнайы қабылдады. Сондай қабылдаулардың бірінде Нұрсұлтан Әбішұлы Астана қаласында құрамында үлкен алты ауруханасы болатын Ұлттық медицина холдингін құруды қолға алып жатқандығы туралы айтып, маған әлгі холдингті басқаруды ұсынып, алда тұрған нақты міндеттерді белгілеп берген-ді. Сөйтіп, мен іске кірістім. Сол жылдары жаңадан құрылып жатқан Ұлттық медицина холдингінің алғашқы басқарма төрағасы болдым. Бастапқыда ұлттық медицина холдингінің қарамағында небәрі үш аурухана ғана болатын. Қазіргі күні бұл холдингте алты аурухана ойдағыдай жұмыс жасауда. Осылайша, Елбасы алдымызға қойған тапсырмаларды толық орындап шықтым. Ең маңыздысы сол, біздің қазақстандық нейрохирургтер дәл осы Ұлттық медициналық холдингке қарайтын Кардиохирургиялық орталықта Орта Азия елдері арасында алғаш рет адамның жүрегін ауыстырып салуды ойдағыдай жүзеге асырды», - дейді. «Құқық қорғау саласына шектеу қойылды». Дәл осы тақырыппен «Айқын» газетінде жарық көрген мақалада құқық қорғау органдары өздеріне қатысы жоқ қызметтерден босатыладығы, мәселен, алдағы уақытта сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуді басқару міндеті Ішкi iстер министрлiгiнен Денсаулық сақтау министрлiгiне берiлуi мүмкiндігі айтылған. Басылымның жазуынша, бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiндегі брифингке құқық қорғау органдарын реформалау барысымен таныстыруға келген Президент Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев хабарлаған. «Құқық қорғау органдарын өздеріне қатысы жоқ қызметтерден босатуға әлi де көңiл бөлiнiп келедi. Мысалы, сотталған азаматтар мен тергеу кезiнде қамауға алынғандарға медициналық қызмет көрсетудi IIМ-нен Денсаулық сақтау министрлiгiне өткiзу жоспарланып отыр», - депті ол.