Құқық қорғау ұйымы пенитенциарлы жүйедегі дене мүшесін зақымдау туралы ақпаратты тексеріп жатыр

АСТАНА. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық Омбудсменнің тапсырмасы бойынша Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың қызметкері Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/4 түзету мекемесінде болды.

Құқық қорғау ұйымы пенитенциарлы жүйедегі дене мүшесін зақымдау туралы ақпаратты тексеріп жатыр

Бұл сапар жұртшылық арасында дүрбелең туғызған, топпен дене мүшесіне зақым тигізу фактісі бойынша БАҚ-та таралған ақпаратпен байланысты, деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

2010 жылы, шілденің 21-22-сі күндері 37 сотталушы денелерін зақымдау жолымен осы мекемедегі жасалатын жағдайларға наразылықтарын білдірген. Мекемеге барған уақытта барлық зардап шеккен адамдар қажетті медициналық көмек алды.

Жалпы сотталғандар өз шағымдары арқылы мекемедегі коммуналдық-тұрмыстық жағдайларға, атап айтқанда судың жеткіліксіздігіне, тамақтану сапасының нашарлығына, медицина мамандарының санаулы ғана екеніне, сондай-ақ тұрғылықты жерлері бойынша жазаны өтеу мәселелеріне қатысты көңілдері толмайтындықтарын жеткізген.

Қазіргі таңда өз денелерін өздері зақымдау фактісі бойынша облыстық прокуратура тексеру жүргізуде. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жанынан жағдаймен танысу мен оны тұрақтандыру бойынша комиссия құрылып, аудандық және облыстық денсаулық сақтау мекемелерінің медицина мамандары сотталғандарды қабылдап, тексеруден өткізуді ұйымдастырған.