Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың бағдарлама жобасы әзірленіп жатыр

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру мақсатында Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық жұмыс тобы Құқық қорғау жүйесін жаңғырту бағдарламасының жобасын әзірлеуде. Бағдарлама жобасы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланған.
None
None

Қолға алынған жұмысқа ғалымдарды, Парламент депутаттарын, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдерін, қоғам қайраткерлерін тарту мақсатында Бас прокуратурада бағдарлама жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел жиыны да өтті. Оған ҚР Президентінің көмекшісі-Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров, Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары, құқық қорғау және арнайы органдардың, министрліктер мен ведомстволардың басшылары, Парламент депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, күш құрылымдарының ардагерлері қатысты.

«Жиында Бас прокурор А. Дауылбаев бүгінгі таңда жүйені түбегейлі реформалау, құқық қорғау органдарының жұмыс нысандары мен әдістерін, адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Осыған орай, стратегиялық құжат қоғамдық қауіпсіздіктің және ішкі саяси тұрақтылықтың тиімді жүйесін құруға, оның құқық қорғаушылық функциясын арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-практикалық және заңнамалық шараларды қабылдауды қамтамасыз етуді көздейді», - делінген баспасөз баянында.

Бұдан бөлек, жиын барысында құқық қорғау қызметінің өзекті мәселелері, реформаның негізгі бағыттары талқыланып, пікір алмасу өрбіген. «Жиынға қатысушылар жауапкершілігі зор жұмыстың алда тұрғанын, оның басты мақсаты - еліміздегі тиісті заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, тұлғаны, қоғамды және мемлекетті тиімді қорғау, құқық қорғау жүйесіне халықтың сенім деңгейін арттыру болып табылатынын атап өтті», - делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар