16:41, 07 Шілде 2009 | GMT +5
Құқық қорғаушылар Шыңжаңдағы Үрімші оқиғасын тәуелсіз тексеруді талап етеді
БЕЙЖІҢ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Өткен жексенбіде Шыңжаңдағы Үрімші қаласында болған оқиғаға байланысты «Human Rights Watch» құқық қорғаушы ұйымының Азиядағы бөлімшесі Қытай билік орындарынан БҰҰ-ның қолдауымен құқық қорғаушы ұйым өкілдерін Шыңжаңда тәуелсіз тергеу жүргізу үшін рұқсат етуі бойынша талап білдірген мәлімдемесін таратты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қытайдың орталық телеарналары жаңалықтарында HRW өкілдерінің автомобильдер мен сауда сөрелерін қиратқан және өртеген кадрларын көрсетуде. Бұған дейін әуесқойлар түсірген материалдарда қиыр шығыстағы Гуандун провинциясында екі ұйғыр жұмысшысына қарсы Үрімшіде бейбіт шеру өткені көрініп тұр. Осылардан-ақ полицияның қатаң әрекеттері тәртіпсіздікке түрткі тудырғанын байқауға болады.