Құқық қорғаушылар жұрт шағым айтқан Алматыдағы тергеу оқшаулағышын тексерді
АЛМАТЫ. ҚапзАқпарат - ІІМ ҚАЖ Комитеті БАҚ-та тергеу оқшаулағышында отырған адамдардың жағдайы туралы жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктемесін берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «ҚазАқпарат» ХАА.
Сотталғандардың құқықтарының қорғалуын қадағалап жүрген Алматы және Алматы облысы бойынша қоғамдық байқау комиссиясының төрағасы мен мүшелері кеше, 24 желтоқсан күні тергеу абақтысының тұрғын ғимараттарына барды.
Камералардағы температура 23-24 градус жылылықты көрсетті, тергеуде жүрген және сотталғандардан жылуға қатысты шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ.
ЛА-155/18 мекемесінің әкімшілігінің түсіндіруінше, 21 желтоқсанда «АлматыҚазТрансГаз» газ компаниясының мамандары мекеме қазандығына газ жіберіп, одан кейін екі газ қазандығын іске қосты. Бүгінде газ қазандықтарына орнатылған термометрлердегі температуралық режим нормаларға сай болып отыр.
Экологиялық таза отынға өтумен бірге қоршаған ортаны адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін зиянды және қауіпті қалдықтардан қорғау мәселесі де шешілді, деп атап өтті тергеу оқшаулағышының әкімшілігінен.