Құқық органдары қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарып отыр - М.Құл-Мұхаммед

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат -  Құқық органдары қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарып отыр.
None
None

Бұл пікірді бүгін елордада өтіп жатқан  заңгерлердің І республикалық съезі барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед білдірді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздігінің әр кезеңінде еліміздің құқықтық дамуына ерекше бөліп келе жатқандығын баса айтқан Мемлекеттік хатшы: «Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында да еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін жаңартудың қажеттілігі жөнінде атап өткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Осыған байланысты түрлі құқық қорғау органдарына арнайы тапсырмалар беріліп, қазір елімізде осы құқық қорғау жүйесін жаңартудың, жаңғыртудың жоспары бекітіліп, іс-шараларды жүзеге асыру басталып та кетті», - деді.

Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, өз сөзінде ағымдағы жылы сот корпусын қалыптастыру тәртібі қайта қарастырылатындығын, төрлеік сот жүйесінің нығайтылатындығын баса айтты.

«Қазақстанның құқық қорғау жүйесі ағымдағы жылы 20 жылдығын атап өтетіндігіне жеке тоқталғым келеді. Құқықтық тәртіп органдары қазақстандық қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайтуда  маңызды рөлге ие болды», - деді М. Құл-Мұхаммед.

Соңғы жаңалықтар