«Құқық тәртібі» операциясының аралық қорытындысы шығарылды
«Құқық тәртібі» операциясының мақсаты - пенитенциарлық мекемелердегі жедел жағдайды сауықтыру, сотталғандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ тыйым салынған заттардың, оның ішінде есірткі заттарының түзету мекемелеріне жеткізілу арналарын жою болып табылады.
Жұмыс кеңесінде атап көрсетілгендей, мақсатты жүргізілген шаралар түзету мекемелеріндегі жедел жағдайды жақсартуға бағытталған оң нәтижелер берді.
Атап айтқанда, «Құқық тәртібі» жүргізілген бір аптаның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері түзету мекемелеріне тыйым салынған заттарды лақтырудың 164 фактінің жолын кесіп, колониялардың аумағына өткізілмек болған 500 мың теңгедей ақша, 1 мың литрден астам түрлі алкогольдік ішімдіктер, 1 килоға жуық есірткі және 89 ұялы байланыс құралы тәркіленді.
«Құқық тәртібі» республикалық операциясының нақты қорытындысы қыркүйектің 5-іне дейін шығарылады.