«Құқық тәртібі» жедел-іздестіру шарасы барысында іздеуде жүрген 106 қылмыскер қолға түсті ? ІІМ-нің өкілі

АСТАНА. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Мамыр мерекесінің қарсаңында республикада «Құқық тәртібі» жедел-іздестіру шарасы ұйымдастырылып, оның барысында іздеуде жүрген 106 қылмыскер қолға түсті»,

 «Құқық тәртібі» жедел-іздестіру шарасы барысында іздеуде жүрген 106 қылмыскер қолға түсті ? ІІМ-нің өкілі
деді бүгін Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Ернұр Уәли. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, жедел-іздестіру шарасы қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заңсыз сақталатын атыс қаруларын анықтау және есірткі қылмыстарын ашу мақсатында ұйымдастырылған. «Осыған орай оны өткізу кезінде ұрланған 16 автокөлік пен 220 дана атыс қаруы тәркіленіп, 100 киләға жуық есірткілік заттар анықталды. Сонымен қатар көші-қон ережелерін бұзған 4 мыңға жуық азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар жауапқа тартылып, олардың 450-і республика аумағынан аластатылды», деді департамент бастығының орынбасары.