Құқықтық мәдениетті жетілдіруде ежелден қалыптасқан құндылықтарды да назардан тыс қалдырмау керек - Мәдениет және ақпарат вице-министрі

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Құқықтық мәдениет ұзақ жылдар бойына қалыптасатын күрделі үдеріс.

 Құқықтық мәдениетті жетілдіруде ежелден қалыптасқан құндылықтарды да назардан тыс қалдырмау керек - Мәдениет және ақпарат вице-министрі

 
Оның өзіндік тарихы бар. Қазақстанды алатын болсақ, құқықтық мәдениет бізде ежелден қалыптаса бастаған. Қазақ халқының өзгелерге ұқсамайтын өзіне ғана тән құқықтық мәдениеті болған. Біздің соңғы уақыта көп сөз ете бастаған «жеті жарғымыз» осы сөзіміздің дәлелі.

Бұл туралы  бүгін Астанада «Қазіргі қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру» атты тақырыпта өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ғазиз Телебай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Оның  айтуынша, елімізде өлім жазасын алып тастау жөніндегі мәселе көтерілгенде «жеті жарғының» талаптары да жан-жақты қарастырылған болатын. «Сондағы байқағанымыз, бұл құжатта өлім жазасын мүлік түрінде немесе ақшалай салынатын үлкен айыппұлмен алмастыруға болатындығы көрсетілген. Олай болса, бізге құқықтық мәдениет туралы сөз еткенде ежелден қалыптасқан осы тектес құндылықтарды назардан тыс қалдырмау қажет», деді вице-министр.