«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. Тамыздың 31-і. ҚазАқпарат /Даниел Шайынғазин/ - «Конституция күнін» мерекелеу қарсаңында жедел жағдайды сауықтыру, көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу, ескерту және жолын кесу, тиісті құқық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылғы тамыздың 24-28-і аралығында республика аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінен.

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы  шығарылды

Іс-шараға 27 мыңға жуық ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері, сонымен қатар 7,5 мыңнан жұртшылық өкілдері және 3 мыңға жуық автокөлік жұмылдырылды.

Жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу кезінде жалпы 1 665 қылмыс, оның ішінде 30 қоғамдық орында және 17 көшелерде жасалған қылмыс тіркеліп, ашылуы 77,6% құрады, сондай-ақ бұрын жасалған 426 қылмыс ашылды.

173 іздеуде жүрген қылмыскерлер ұсталған, сондай-ақ 26 іздеуде жүрген ұрланған және айдап әкетілген автокөліктер іздестіріліп, табылды.

189 есірткі қылмысы, оның ішінде 33 сату фактісі анықталды, бұл ретте 162 килә 915 гр. есірткі заты, оның ішінде 752 гр. героин тәркіленді.

Заңсыз сақталған 446 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 12 ойық атыс қаруы, 314 тегіс ұңғылы атыс қаруы, оның ішінде 75 шолақ қару, 35 жарақат салатын ұңғысыз атыс қаруы, 55 газды қару, 26 қолдан жасалған және оның ішінде 4 газды қарудан өзгертілген қару-жарақ тәркіленді.

42 873 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 1 345 ұсақ бұзақылық, 19 967 қоғамдық орында спирттік ішімдік ішу немесе мас күйде жүру, мас күйде көлік құралын басқарудың 1 164 фактісі анықталды, 263 тәуліктің түнгі уақытында ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуына жол беру, 165 - кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық.

Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзғаны үшін 8 819 шетел азаматы, оның ішінде 375 алыс шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.