09:30, 23 Тамыз 2010 | GMT +5
Құл саудасы мен оны жоюды еске түсірудің халықаралық күні
АСТАНА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Құл саудасы мен оны жоюды еске түсірудің халықаралық күні.

Жыл сайын атап өтілетін бұл атаулы күн ЮНЕСКО Бас конференциясының 29 С/40 қарарымен жарияланған. Бұл шешім осы ұйымның Атқару комитетінің 150 сессиясының 8.2 қарарында жасалған ұсыныстар негізінде қабылданған болатын.
Тамыздың 23-і - Санто-Доминго аралында 1791 жылы тамыздың 22-сінен 23-іне қараған түні лап еткен құлдар көтерілісін есте қалдыру мақсатында таңдап алынған.