Құлаған Boeing бортында шамамен 9 елдің өкілі болған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Донецк облысында құлаған ұшақ бортында шамамен 9 елдің тұрғындары болған, деп хабарлады РИА «Новости» Malaysia Airlines компаниясының сайтына сілтеме жасап.

Құлаған Boeing бортында шамамен 9 елдің өкілі болған

«Бортта болған адамдардың жалпы саны 298 адам болды: 283 жолаушы, оның ішінде түрлі ұлтты үш сәби бар және 15 экипаж мүшесі», - делінген хабарламада.

Компания атап өткендей, Басым бөлігі Голландия тұрғындары болған - 154 адам, Малайзия (экипажбен бірге) - 45 адам, Австралия тұрғындары - 27 адам, Индонезия - 12 адам.

Сондай-ақ, бортта Ұлыбританияның 9 тұрғыны, 4 Германиялық, 4 бельгиялық, 3 филиппин және 1 жолаушы Канададан болған. Тағы 41 қаза тапқан адам қай елдің тұрғыны екені әзірге белгісіз.