Құлаған футбол қақпасы жеткіншектің өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтай өлкесі бойынша тергеу комитеті абайсыздан адамды өлтіру бойынша қылмыстық іс бойынша тергеун бастады. Қайғылы оқиға 20 қазанда Краснощеково ауылында болған.
None
None

Ауыл мектебі маңындағы алаңда балалар футбол ойнап жүрген. Бір мезетте металл қақпа құлап, жанында тұрған жеткіншекті басып қалды.

Баланың басы жарақаттанған. Ол дереу жақын жердегі емдеу мекемесіне жеткізілгенімен есін жимай көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум