Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Құлаған шатырдың сынықтары баланың басын жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Хабаровск өлкесінде сегіз жасар қыздың жарақат алу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.  Оған төбеден құлаған шатыр сынықтары тиген. Кішкентай қыз айтарлықтай бас жарақатын алды.

Құлаған шатырдың сынықтары баланың басын жарды

Тергеу деректері бойынша, оқиға қыздың қала орталығындағы бес қабатты үй маңынан өтіп бара жатқанда болған. Сол сәтте ғимарат төбесінде шатырды ауыстыру жұмыстары жүріп жатқан.

Қазір тергеушілер қауіпсіздік ережесін бұзу фактісі бойынша тергеуде, деп хабарлады «Россия 24» телеарнасы.