Кулагин 790 метр тереңдікке түсті
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Степногор қаласында болып, өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы "Қазақалтын" ТКМК" АҚ-ның Бестөбе кентіндегі "Западная" шахтасында 790 метр тереңдікке түсті. Онда кен өндіру көлемін арттыру мақсатында пайдалы қазбаларды тасымалдау үшін өткен жылы орнатылған көтеру механизмінің жұмысымен танысты. Шахтерлермен кездесіп, жағдайларын білді.
Шахта басшысы Əділхан Қалиевтің айтуынша, "Западная" шахтасының жылдық қуаты 600 мың тонна руданы құрайды. 2015-2016 жылдары құрамында алтыны бар 240 мың тонна руда алынды. Шахтаның жалпы тереңдігі 880 метр болса, оның 790 метрінде ғана кен өндіру жұмыстары жүргізілуде.
