Кулагин әлеуметтік қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин салтанатты жағдайда әлеуметтік қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кулагин әлеуметтік қорғау саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2011 жылдың 20 қазандағы Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісін әлеуметтік сала қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп белгіленген болатын. Содан бері жыл сайын елімізде бұл мереке аталып келеді.

Өзінің құттықтау сөзінде өңір басшысы бұл мереке осы салада еңбек етіп, қарттар мен мүгедектерге, күнкөрісі төмен отбасыларға қызмет етіп жүрген адамдарға деген зор құрметтің, шынайы алғыстың белгісі деп атап өтті.

null  

-   Сіздердің барлық күш-жігерлеріңіз ең алдымен, халықтың мұң-мұқтажына толық жауап беретін және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сай келетін әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға бағытталады. Бір адамға көмек қолын соза отырып, сіздер жалпы мемлекеттік тапсырманы орындап, ортақ міндетіміз - әр қазақстандықтың әлеуметтік әділдік пен кепілдікке қол жеткізуін қамтамасыз етесіздер. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы жылы сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, баянды бақыт, ашық  аспан, отбасыларыңызға бақыт пен тыныштық, қызметтеріңізге мол табыс тілеймін, - деді облыс әкімі.

Кездесу соңында облыс басшысы аталмыш саланың бір топ қызметкерлерін «Еңбек ардагері» медалымен, «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады. 

null