Кулагин ҚХА жəне жергілікті этномәдени бірлестіктерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Сергей Кулагин Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақмола облыстық филиалы мүшелерін, жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдерін жəне «Қоғамдық келісім» КММ ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

кулагин кхаа
«Қоғамдық келісім» КММ-де өткен кездесуде аймақ басшысы 2016 жылда қол жеткізген жетістіктерге тоқтала келе, алдағы жылдың міндеттеріне тоқталды.

Тарқатып айтсақ, Қопа көлінің айналасын көріктендірудің, осы аймақтағы жеке алаңдарды оқшаулау жұмыстарының жалғасатынын, сонымен қатар жаңадан салынып жатқан Неке қию сарайының жанынан балабақша бой түзейтінін атап өтті.

кулагин кхаа  

Кездесуде, «Ақмола облысы поляктарының бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Суховецкий және Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Серік Аяғанов аймақ басшысына осы игі істеріне алғысын білдірді.

кулагин кхка 

Соңғы жаңалықтар