Құлағыңыз шыңылдай берсе не істеу керек?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар құлақтың шыңылынан құтқаратын бірден-бір ем - кофе деген ұйғарымға келді. Олар сергектік сыйлайтын осы бір сусынның адам өзін жайсыз сезінген кезде де пайдасы зор екенін анықтады, деп жазады шетелдік БАҚ.

Құлағыңыз шыңылдай берсе не істеу керек?

Медицинада бұл ауру - тиннитус деп аталады. Дәл осындай диагноз ылғи құлағынан жағымсыз дыбыс кетпейтін адамдарға қойылады екен.

Ал, кофені жақсы көретін адамдар арасында осы дерттің аз кездесетіні анықталған. «Оның сыры - кофеинде», - дейді зерттеушілер.

Бұл зерттеу барысында жүргізілген жұмыстар жайлы American Journal of Medicine басылымында егжей-тегжейлі жазылған.