Құлаққап киген оқушыны пойыз басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Беларусь елінің Добрушский ауданында құлаққап киген оқушыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Құлаққап киген оқушыны пойыз басып кетті

Гомель  облыстық атқару комитеті ІІБ ресми өкілі Виталий Пристромовтың айтуынша, қайғылы оқиға 25 сәуірде 8.00-де Носовичи станциясынан 30 метр қашықтықта болған.

«Темір жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелеттік жасқа толмаған 2002 жылы туған баланы жүк пойызы қағып кетті. Ауыр жарақаттанған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жасөспірім - Добрушский ауданының тұрғыны»,-деді Виталий Пристромов.