Күләш Бәйсейітова туралы жаңа кітап жарық көрді
АЛМАТЫ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда "Ана тілі" баспасынан қаламгер Сара Латиеваның "Бұлбұл" деп аталатын өмірбаяндық повесть-эссе кітабы жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Күләш Байсейітова жайлы жазу үшін жұмысты неден бастау керек деген мәселе туды. Өнер әлеміне қызыға, әуестікпен қарай бастаған саналы кезеңнен бастап, қазақ үшін тірісінде аңызға айналған әнші туралы жазамын деп мойынға алу бір басқа да, оны ел қабылдағандай, аруаққа шет болмайтындай етіп жүзеге асыру бір басқа. Осы екі басқа шаруаның жауапкершілігін анық сезінген кезде тайсақтаған сәттер де болды. Бірақ Күләшқа деген, халықтың оған сүйіспеншілігінге деген, өнерге деген құрметім дұрыс жөн сілтеді ғой деп ойлаймын" дейді Сара Латива кітаптың алғысөзінде. Автордың айтуынша, ширек ғасыр бұрын жарық көрген кітапта кездескен, сөйлескен адамдардың айтқандарының бәрі бірдей одан орын таппай қалған еді. Сондықтан оны қайта бастырып, сол адамдардың әңгімесін айтылған қалпында бірге жариялауды жөн көрген. Өйткені бұл символдық емес, кәдімгі ет пен сүйектен жаралған тірі адамның өмірі, соны көрген адамдардың "айта алған" әңгімесі.