Құлауға шақ қалған биіктігі 60 метрлік мұнара қайта түзулене бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италиядағы Пиза Университетінің мамандары атақты Пизан мұнарасының жағдайы жақсарғандығын мәлім етті. Оны нығайту шараларынан соң мұнара 4 сантиметрге түзуленген, деп хабарлайды BBC.
None
None

Пизан мұнарасының қисаюына ол тұрғызылған жердің оң жағындағы  құм мен балшық қабатының сол жағындағыға қарағанда жұмсақ болуы әсер еткен.

Құрылысшылар үшінші қабатқа жеткен сәтте нысан астындағы топырақ отыра бастаған.

Құлау қаупі туындаған 1990 жылы Пизан мұнарасы келушілер үшін жабылды. Сол кезде оның үстіңгі бөлігі бір жағына 4,5 метрге қисайған еді.

Айта кетсек,ақ мрамордан қаланған 60 метрлік мұнараны екі ғасырға жуық - 1173 жылдан бастап 1360 жылға дейін салған еді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум