«Құлдықтағы 12 жыл» фильмі «Алтын глобусты» иеленді

АСТАНА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат - Британдық режиссер Стив Маккуиннің «Құлдықтағы 12 жыл» фильмі «Алтын глобусты» иеленді.

«Құлдықтағы 12 жыл» фильмі «Алтын глобусты» иеленді

Бұл картинада афро-американдықтың өмірі баяндалады. Ол бостандықта өмірге келгенімен, 1830 жылдары АҚШ-тың оңтүстік штаттарында құлдыққа заңсыз сатылады. «Құлдықтағы 12 жыл» картинасы шынайы болған оқиғаға негізделіп, Соломон Нортап есімді азаматтың автобиографиясын көпшілік назарына ұсынып отыр. Басты рөлді британдық актер Чиветель Эджиофор сомдайды. Естеріңізге сала кетейік, «Алтын глобус» сыйлығы кинофильмдерге 1942 жылдан бері тағайындалып келеді.