Құлсары тұрғындары алаяқтардың көбейгеніне алаңдап отыр

Полиция
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласында алаяқтық әрекетке баратындар көбейген. Бұл моношаһар тұрғындарын алаңдатуда. 

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомоствоаралық комиссияның кезекті жиынында айтылды.

Атырау облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуалиевтің айтуынша, полицияның сервистік моделіне көшу жобасы енгізілген.

«Бұл жоба қолданысқа енгізілгелі бері Қызылқоға ауданында қылмыстың түрлері азайған. Ал, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласының тұрғындарын алаяқтық әрекеттер алаңдатып отыр. Бұл бағытта тұрғындармен жиі кездесіп, нәтижесінде аталған қылмыстың тіркелуі төмендегенін байқадық. Қылмыстың себебін, оған кімдер баратынын анықтадық. Оны бас бостандығынан айыру мекемелерінен босағандар және маскүнемдікке, нашақорлыққа шалдыққан тұлғалар жасайтыны белгілі болды. Сол себептен, басқармалармен бірлесіп осындай тұлғаларды психологиялық-әлеуметтік тұрғыдан қоғамға бейімдеу мақсатында орталық ашып, әрі қарай оларды жұмыспен қамтамасыз етуді ұсынамын», - деді Әбдіғани Сейдуалиев.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram