Құлсарыда әкімдік алдына жиналған адамдар ұсталған жоқ – ІММ
АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігі Құлсары тұрғындарының аудандық әкімдік алдына жиналғанына қатысты түсінік берді.
«Алаңға шыққан адамдар тарады. Менің түсінуімше, конструктивті келісімге қол жеткізген секілді. Құлсарыда адамдарды ұстау болған жоқ. Орал қаласында да өтемақы талап еткен тұлғалар қамауға алынған жоқ», - деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.
Бұған дейін Жылыой ауданы әкімдігі алдында бірнеше күн тұрған құлсарылық тұрғындардың тарағаны туралы хабарлаған едік.