Құлсарыдағы тасқынға заңсыз салынған бөгет кінәлі ме

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Үкімет отырысынан кейін өткен брифингіде Құлсарыдағы тасқын себебі туралы әңгімелерге пікір білдірді

Құлсарыдағы тасқынға заңсыз салынған бөгет кінәлі ме
Фото: Атырау облыстық ТЖД

«Әлеуметтік желіде Құлсарыдағы тасқынға әлдебіреулердің заңсыз бөгет салғаны себепкер болған дегенге саятын бейнелер қаптап жүр. Осыған байланысты тергеу жүргіздіңіздер ме? Нәтиже бар ма?» - деп сұрады журналист.

Вице-министр ондай ақпараттың тарағанын растады. Бірақ әлі тексеру басталмаған.

«Иә, ондай ақпараттар әлеуметтік желіде бар. Бүгінгі таңда ол жақта әлі тергеп-тексеру жұмыстары басталған жоқ. Қазір су кеткеннен кейін басталады», - деді Бауыржан Сыздықов.

Соңғы жаңалықтар