Құлсарыдан бір тәулікте 200 мың текше метрге жуық су сорылған

Құлсарыдан бір тәулікте 200 мың текше метрге жуық су сорылған
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Шәріп Асқар орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде тасқынмен күрестің соңғы деректерін мәлім етті.

«Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Өткен тәулікте Құлсары қаласында 192 766 текше метр су сорылды. Бүгін 6 сағатта 75 үйден су бұрылып, су сорылды. Өткен тәулікте Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында 91 180 текше метр су сорылды. Жалпы соңғы 5 күнде су басқан 907 үй мен 134 аула аумағынан су сорылды», - деді ол.

Айтуынша, ел аумағында 8 453 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылған.

«48 998 адам өз үйіне оралды. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 14 374 адам, 1 436 техника, 310 су сору құралы және 69 жүзу құралы, 5 әуе кемесі жұмылдырылды», - деді Асқар Шәріп.

Соңғы жаңалықтар