Құлсарыдан құтқарылған жүкті әйел Маңғыстауға барар жолда босанды

родился ребенок
Фото: pixabay.com

АҚТАУ. KAZINFORM - Құлсары тұрғыны Маңғыстау облысына барар толғалы келіп, сәбилі болды.

Жедел жәрдем көлігінде босанған анаға акушер Гүлзада Қожаниязова көмектескен. Дәрігерлер ана мен баланың жағдайы жақсы екенін атады.

«Сенбі күні таңертең 1980 жылы туған әйел жүктіліктің 39-40 аптасында жедел жәрдем көлігінде босанды. Оны Құлсарыдан Маңғыстауға жеткізген. Бала 3 келі 150 г салмақпен дүниеге келді. Бала туғаннан кейін біраз уақыт мамандардың бақылауында болады. Ананың да, жаңа туған нәрестенің де жағдайы тұрақты деп бағаланады. Босану сәті асқынусыз, сәтті өтті. Әйел бесінші перзентін босанып отыр. Акушерлер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің кәсібилігі маңызды рөл атқарды. Қазір науқас бізде-босанғаннан кейінгі бөлімде. Ол дәрігерлерге көрсеткен көмегі үшін алғысын жеткізді, — деді Бейнеу аудандық орталық ауруханасы басшысының орынбасары Асухан Маркабаева.

Бүгін Бейнеу ауданына Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігерлері медициниалық көмек көрсетуге арнайы барды. 

Сондай-ақ, Бейнеу ауданында Құлсарыдан келген 2,5 мың адам орналасып үлгерді. Ақтау қаласында да судан зардап шеккен Құлсары тұрғындары үшін эвакуациялық пункт ашылды.

Сонымен қатар, Маңғыстауда азық-түлік қоры жеткілікті екенін ресми орындар мәлімдеді. 

Су басу кезінде Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар