Құлсарыға 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген

БҚО
Фото: БҚО гуманитарлық көмекті қабылдау штабы

АТЫРАУ. KAZINFORM – Атырау облысындағы Құлсары қаласына төтенше жағдай енгізілгеннен бері 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілген. 

Атырау облысы жедел штабының мәліметіне қарағанда, Жылыой аудандық гуманитарлық көмек орталығында 60-қа жуық ерікті тұрғындарға азық-түлік таратуға жұмылған.

Қазір Құлсары қаласындағы еріктілер штабының жетекшісі Жанаргүл Шарғабаеваның айтуынша, орталықта азық-түліктің мол қоры бар.

«Су тасқынына зардап шеккен тұрғындарғы азық-түлікті кесте бойынша таратамыз. Қазір 500-ге жуық отбасын барлық қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырмыз. Атыраудан 20 тонналық жүк көлігімен гуманитарлық көмек келді. Оны 4 пункт арқылы таратудамыз. Ұн, мұздатылған құс еті, жұмыртқа, жарма, жаялық пен төсек жабындысы секілді азық-түлік пен қажетті заттардың қоры жинақталған. Құлсарыға ұзақ сақталатын азық-түлік, гигиеналық құралдар мен тұрмыстық химиялық заттар облыс орталығынан жеткізіліп жатыр», - деді Жанаргүл Шарғабаева.

Еске сала кетелік, бұған дейін Тасқын су басқан Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар