Құлсарыда бензин тасымалдайтын көлік өртеніп, екі адам күйіп қалды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында «Қазмұнайгаз» АҚ-ға тиесілі бензин тасымалдайтын көлік жанармай құйып жатқан сәтте өртеніп, екі адам жапа шекті. Бұл туралы өңірдегі ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.
«Құлсарыда бензин тасымалдайтын КамАЗ жанармай құйып жатқан сәтте өртеніп, жүргізуші мен оның көмекшісі жапа шекті. Жүргізушінің денесінің 80-90 пайызы күйіп қалған. Ал көмекшісін 20-30 пайыз күйік шалған. Оның жасы 19-да, Өзбекстан азаматы. Екеуі де Құлсары қаласының аудандық ауруханасына жатқызылды» деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД.