Құлсарыда «Достық» мәдени және демалыс саябағы ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Құлсары қаласында «Достық» мәдени және демалыс саябағының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметінен.
None
None

Салтанатты шарада Жылыой ауданының әкімі М. Ізбасов сөз алып, Құлсары қаласы үшін маңызды жобаны жүзеге асырғаны үшін «Теңізшевройл» ЖШС-не алғысын білдірді.

«Былтыр біз алғашқы көшеттерді отырғызу салтанатына қатысқан едік. Бүгін, міне, барлық көшеттердің өсіп кеткеніне көз жеткізіп отырмыз. ТШО-ның Құлсары қаласын көгалдандыру жобасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді көгалдандыру жөніндегі бастамасын қолдау негізінде жүзеге асуда», - деп атап өтті өз сөзінде ТШО-ның бас директоры Тим Миллер.

ТШО «Достық» саябағындағы 786 көшетті қоса алғанда, Құлсары қаласының түрлі учаскелерінде барлығы 2000 ағаш отырғызды. Мәдениет және демалыс саябағын абаттандыру ТШО-ның «Игілік» ерікті әлеуметтік-инфрақұрылым бағдарламасының бюджеті есебінен жүзеге асты. Саябақ құлсарылықтар мен оның қонақтары үшін тамаша демалыс орнына айналады.

Бұл шара ТШО бастамасымен жергілікті тұрғындардың игілігіне бағытталған «Жылыой ауданын көгалдандыру мүмкіндіктерін зерттеу» атты кең көлемді табиғатты қорғау жобасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылған жоба. Ол көшеттерді отырғызудың ілкі жобасы ретінде басталған болатын. Мамандар ағаш көшеттерінің жер қыртысының тұзды және ыстық климат жағдайында өсуін арттыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттеген еді.

Соңғы жаңалықтар