Құлсарыда өрт салдарынан балабақшадағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге көшірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы өрт салдарынан балабақшадағы балалар құтқарылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құлсарыда өрт салдарынан балабақшадағы бүлдіршіндер қауіпсіз жерге көшірілді

Балаларды құтқарғаны түсірілген видео Фейсбук желісінде zello_atyrau жүргізушілер тобында жарияланған. Видео авторы мектепке дейінгі балалар мекемесінің маңындағы қойманың өртке оранғанын хабарлаған. Түтінге оранған балалабақшадағы балаларды ересектердің жетектеп алып шығып бара жатқаны түсіп қалған. Зардап шеккендердің бар-жоғы туралы ақпарат әзірге жоқ.