Құлыбаев Головкинді жас спортшылардың кумирі деп атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің перзиденті, АИБА вице-президенті, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев британдық боксшы Келл Брукты жеңген Геннадий Головкинді құттықтады.

Құлыбаев Головкинді жас спортшылардың кумирі деп атады

«Геннадий, сізді құттықтаймын! Қазақстандықтар сіздің IBF белбеуінің иегері Келл Брукпен жекпе-жегіңізді асыға күтті. Лайықты қарсыласпен өткен бұл айқаста сіз жоғары шеберлік, мұқалмас мінез және өз күшіңізге деген мүлтіксіз сендімділікті паш еттіңіз. Бұл Келл Брукпен жекпе-жегіңізді тағатсыздана күткен бүкіл әлемдегі жас спортшылар үшін сізді кумирға айналдырды. Кезекті тамаша жеңісіңізге қол жеткізіп, сіз отандық бокс мектебінің лайықты даңқын тағы да паш еттіңіз және өзіңіздің жүздеген мың жанкүйеріңізді шабыттандырдыңыз. Сізге жаңа жарқын жеңістер мен барлық жақсылықтарды тілеймін», - делінген құттықтауда.