Құлжа тас жолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші адамды қағып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы маңында, Құлжа тас жолында рөлде ұйықтап кеткен жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Куәгерлердің айтуынша, Reno Sandero көлігінің жүргізушісі ұйықтап кетіп, жол апатын себепкер болған.

Жолдың шетінде кетіп бара жатқан жолаушыны қағып кеткеннен кейін ғана жүргізуші ұйқысынан оянған. Соққыдан кейін шұғыл бұрылған көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan шағын автобусымен соқтығысқан.

Полицейлер мен жедел жәрдемді оқиға куәгерлері шақыртқан. Жол апатынан екі көлік жүргізушісі мен жаяу жүргінші зардап шегіп, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жөнелтілді.

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккендердің жағдайына қатысты ешқандай ақпарат берген жоқ.  

Соңғы жаңалықтар