19:35, 13 Шілде 2017 | GMT +5
Құлжа тас жолындағы жол апатында екі адам зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында, Құлжа тас жолында екі адам зардап шеккен жол-көлік апаты болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі оқиға орнынан.

Куәгерлердің айтуынша, КАМАЗ жүк көлігі бұрылыста Audi көлігіне жол бермеген. Соның кесірінен, жеңіл көлік жүк көлігінің жанармай багына соғылған. Жол апатынан Audi көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы ауыр жарақаттанған. ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, оларды ауыр хәлде жәдел жәрдем көлігі алып кетті.
Оқиға орнында полицейлер жол апатының себептерін анықтап жатыр.