Құм тасыған жүк көлігі үйді соғып, бес адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Нинся-Хуэйс автономдық ауданында (Солтүстік-Батыс Қытай) тұрғын үйге жүк көлігі кіріп кетіп, бес адам қаза тапты.
Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті, деп хабарлады Синьхуа.
Оқиға түс мезгілінде Хайюань уезінде құм тасыған жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, тұрғын үйге кіріп кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі сол жерде қаза тапты, тағы төрт адам дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан көз жұмды.
Видеобақылау камераларындағы жазба көрсеткендей, оқиға салдарынан үш тұрғын үй қираған.