«Күмән туғызатын рейтинг кімге керек?»- БАҚ-қа шолу

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» агенттігі республикалық басылымдарда 29 мамыр, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

«Егемен Қазақстан» басылымының жазуынша, Қытай Халық Рес­пуб­ли­касындағы A (H7N9) құс тұмауы бойынша эпидемио­логиялық жағдайдың тұ­рақ­сыздығын (130 құс тұмауымен ауыру оқиғасы тіркеліп, оның 36 жағдайы адам өліміне әкел­ген) ескеріп, ҚР ДСМ МСЭҚК Көліктегі департаменті 2013 жылдың 22 мамырында мүд­делі қызметтермен (Ас­тана қа­ласы бойынша Денсаулық сақ­тау басқармасы және ҚР ДСМ МСЭҚК Астана қаласы бойынша департаменті, Кө­лік­тегі желілік ішкі істер бөлімі, ТЖ қызметтері) және Ақмола темір­ жол бөлімшесінің өзге де қатысты ұйымдарымен бір­лесе отырып, Астанаға темір жол көлігімен A(H7N9) құс тұмауын жұқтырған адам келген жағдайдағы әзір­лік­ті қамтамасыз ету мақса­тында оқу-жаттығу жұмыс­тарын жүргізді.

«Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемен қаласының жаңа әкімі Темірбек Қасымжановты актив­ жиынында таныстырды. Темірбек Қасымжановтың кандидатурасын қалалық мәслихат депутаттары толығымен қолдады»,-деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті. Бұдан кейін облыс әкімі қала активінің алдында тұрған міндеттерді саралап берді. Б.Сапарбаев оралмандар мәсе­лесіне арнайы тоқталды. Осы жайында «Оралмандар проблемасын шешу міндеттелді» атты мақалада берілген.

***

«Айқын» басылымының бүгінгі санында «Күмән туғызатын рейтинг кімге керек?» атты мақала көпшілік назарына ұсынылып отыр. Қазақстандық телевизия саласына сын тағып, мін айтушылар көбейді. Осы ретте «бүгінгі қазақ телевизиясы бәсекеге қабілетті ме? Қазақстандықтар отандық телеарналарға қаншалықты риза? Бұл салада неден сүріндік, нені үйренуіміз керек?» деген заңды сұрақтар туындайды. Күні кеше саяси шешімдер институтында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаевтың және бір топ телеарна қызметкерлерінің қатысуымен арнайы жиын өтті. Жиын барысында мамандар телесаладағы бірқатар қордаланған мәселелердің тиегін ағытты.
Саяси шешімдер институты қазақстандықтардың арасында арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеудің нәтижесі бойынша, 2300 респонденттің тең жартысы қазақстандық телеарналарға көңіл бөлсе, 31,5 пайызы ресейлік телеарналарға басымдық береді. Ал 49,9 пайызы БАҚ ұсынған ақпараттарға толыққанды сенбейді екен. Респонденттердің 50 пайызы БАҚ халыққа ақпарат таратуды белгілі бір шектеулерге ұшырайды деген сенімде. Ал «Теледидардан көбіне не көресіз?» деген сұраққа, респонденттердің 49 пайызы «жаңалықтар, сараптамалық бағдарламалар көретінін» айтты.

«Алматылық қаржы полицейлері 20-ға жуық мемлекеттік және жекеменшік фирма басшыларын тақырға отырғызып кеткен әккі алаяқты тұтқындады»,-деп жазады «Айқын» басылымы «Қос алаяқ қолға түсті» атты мақалада. Сөйтіп, қаржы полицейлері ұйымдастырған жедел-іздестіру шаралары барысында бірқатар мемлекеттік мекемелер мен жекеменшік кәсіпорындардың басшыларына өзін қаржы полициясынан «Бауыржан», «Абылай Бәйкенұлы», «Асқар», «Бауыржан Бәйкенұлы», «Абылай» деп жалған таныстырған аты-жөні белгісіз бір пысықайдың әлгі мекемелердің қыруар қаржысын алдап-арбау арқылы алып кеткендігі анықталды. Қолға алынған іс-шара барысында әлгі алаяқтың өзінің арам пиғылын белгілі бір схема арқылы жүзеге асырғаны белгілі болды. Сондай-ақ әккі қу жекеменшік кәсіпорын басшыларынан жоғары шенді меймандарды қарсы алуға және тағы басқа да шығындарға 1000 - 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай көмек көрсетулерін сұрап, болашақта олардың қызметтеріне көмек жасаймыз деп сендіріп, қажетті қаржыны алып отырғаны анықталды.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесті. Кездесуге Еуразия экономи­ка­лық комиссия­сы кеңесінің төрағасы - Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Қай­рат Келімбетов, ЕЭК кеңесі мүшелері - Ресей Үкіметі Төр­ағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов және «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ басқармасы төрағасы Сергей Румас қатысты.

Кездесу барысында Нұр­сұлтан Назарбаев 29 мамырда Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтетінін атап өтті. Оған қоса биыл тағы екі отырыс жоспарланған.

«Жоғары Еуразия эконо­ми­калық кеңесінің үш отыры­сы өткізілуі қысқа мерзім ішінде барлық интеграциялық құ­жаттарды қабылдап үлгеру қажеттігіне байланысты. Атап айтқанда, біз 2014 жылғы 1 мамырға қарай 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім жобасын әзірлеуді аяқтауға уағдаластық. Бізде жұмыс көп, әртүрлі құжаттарды келісуді тұрақты және жүйелі түрде жүргізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар