15:22, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Күміс бұйымдарды шекарадан заңсыз алып өтпек болған Семей тұрғыны ұсталды
СЕМЕЙ. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облысындағы «Жезкент» бекетінде кеден қызметкерлері 556 дана күміс бұйымды шекара арқылы заңсыз алып өту фактісін анықтады,
деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен.
Кедендік тексеру кезінде Семей тұрғынының көлігінен «925 сынамалы күміс» деген жапсырмалары бар 213 күміс крест, 308 мойынға тағатын бау, 38 алқа, сондай-ақ 10 икон, 48 шіркеу күнтізбесі табылды. Жүкті декларацияламаған көлік иесі, күміс бұйымдардың барлығы Барнауыл епархиясына тиесілі екенін, ол жүкті кедендік шекара арқылы Ресейден Қазақстанға өткізіп, Семей шіркеуіне беруі керек екенін айтқан.
Күміс бұйымдардың түпнұсқалығын және олардың нарықтық бағасын анықтау үшін қазір сот-тауарлық сараптама тағайындалды, құқық бұзушы соның қорытындысымен жауапқа тартылады.