Күміс көліктің апаты 105 млн долларға айналды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Американдық суретші Энди Уорхолдың 1960-шы жылдардың басында жасаған «Күміс көліктің апаты» картинасы 13-ші қараша күні өткен Нью-Йорктегі Sotheby's және Christie's аукциондарында $105,45 млн. сатылды, деп хабарлады piter.tv.

Күміс көліктің апаты 105 млн долларға айналды

Мамандар картинаны 60 миллион долларға сатылады деп болжаған болатын. Ал нәтижесі картинаның алғашқы бағасынан екі есеге артық болды. Уорхолдың картинасының ұзындығы 2,4 метр, ал биіктігі 4 метрден тұрады.

Белгілі суретшінің «Күміс көліктің апаты» картинасы төрт туындыдан тұратын «Өлім мен апат» сериясына кіреді. Қалған үш туынды АҚШ, Швейцария және Австрия мұражайларында сақтаулы. Энди Уорхолдың тағы бір "Кока-Кола" (1962 жылғы) еңбегі $57,285 миллионға сатылды.

Осылайша екі күннің ішінде атақты шебердің екі туындысы 163 миллион доллар табыс әкелді.