«Күміс жас» бағдарламасына кімдер қатыса алады
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада «Күміс жас» бағдарламасы арқылы жыл сайын 800-ге жуық жұмыссыз жүрген азамат еңбекпен қамтылуда. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» директоры Олжас Омар мәлім етті.
«Астанада 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға арналған «Күміс жас» бағдарламасы бар. Кәсіби өсу орталығы жұмыс берушіге 50 жастан асқан адамды еңбекпен қамтығаны үшін 3 жыл бойы субсидия төлейді. Жалақы көлемі 110 760 теңге (30 АЕК), - деді Олжас Омар Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Орталық басшысының айтуынша, мемлекет жұмысшы жалақысының 70% субсидиялайды.
«Бұл жүйе жұмыс іздеуші, жұмыспен беруші үшін де тиімді. Одан басқа бізде қоғамдық жұмыстар бар. Ол жерде адамның жас ерекшелігі, мамандығы маңызды емес, бастысы жұмыс істеуге ниетті болуы. Тағы бір маңызды бағыт – кадрларды даярлау және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту. Ол бағытта жүзеге асырылады, бірінші жұмыс берушілердің өтініші бойынша білім беру ұйымдарында кадр даярлау, екінші бағыты жұмыс орнында. Кәсіби оқытудың артықшылығы 32 681 теңге көлемінде төленетін шәкіртақы төленеді», - дейді ол.