«Құмырсқа-адам» фильмінің алғашқы тизері жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық Marvel киностудиясы жұртшылық назарына АҚШ пен Ұлыбритания бірігіп түсірген режиссер Пейтон Ридтің "Құмырсқа-адам" ("Ant-Man") фильмінің алғашқы тизерін ұсынды.

«Құмырсқа-адам» фильмінің алғашқы тизері жарыққа шықты

Қиял-ғажайып жанрында түсірілген фильмде басты рөлді Пол Радд сомдайды. Сондай-ақ картинада Эванджелин Лилли, Хейли Этвелл, Джуди Грир, Кори Столл, Майкл Дуглас, Бобби Каннавале, Вуд Харрис, Майкл Пенья, Джон Слэттери сынды актерлер ойнайды.

"Құмырсқа-адам" туындысы көрерменге 2015 жылдың 16 шілдесінде жол тартады. Фильмнің желісіне кішірейіп, құмырсқа кейпіне ене алатын Скотт Лэнгтің басынан кешкен хикаялары алынған. Ол құмырсқа адам киімінің құпиясын сақтап қалу үшін оны қорғауға бар күш-жігерін салуы тиіс.