Күн 50 градусқа дейін ысыған Америка штатында әуе рейстері кейінге шегерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Аризона штатында ондаған әуе сапары кейінге шегерілді. Оған аптап себеп болды, деп жазады «Хабар 24».

Күн 50 градусқа дейін ысыған Америка штатында әуе рейстері кейінге шегерілді

Өңірде сынап бағанасы 50 градусқа дейін көтерілген. Ал техникалық талап бойынша әуе кемелері 48 градустан жоғары температурада ұшпауы тиіс.

Ауа райының қолайсыздығы Еуропа елдерінің тұрғындарын да әбігерге салды. Атап айтқанда, Франция, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Испания мен Португалияда күн күрт ысып кеткен.

Ал синоптиктер аптап әлі аптаның аяғына дейін сақталады деп ескертіп жатыр.