Күн батареясымен ұшатын «Solar Impulse 2» ұшағы Огайоға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жер шарын рекордтық айналып ұшуды орындайтын батареямен жүретін «Solar Impulse» 2 ұшағы Американың Огайо штатының Дейтон қаласында қонды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Күн батареясымен ұшатын «Solar Impulse 2» ұшағы Огайоға жетті

Ұшақ Тулсадан (Оклахома штаты) Дейтонға дейінгі аралықты сағатына 48 шақырым орташа жылдамдықпен 16 сағат 34 минутта ұшып өтті.

Дейтонда батыстан шығысқа жоспарланған ұшудың 16 кезеңінің 12-сі аяқталды.

Маусымның басында 17 мың күн батареясы салынған ұшу аппараты Нью-Йоркке жетіп, онда трансатлантикалық ұшуға дайындықты бастайды.

Solar Impulse-2 ұшағының соңғы қонар жері - сапарды бастаған БАӘ-дегі Әбу-Даби қаласы.
Бертран Пикар мен екінші ұшқыш Андре Боршберг жер шарын айналып өту сапарын 29 мамырда бастаған. Solar Impulse 2 Оман, Үндістан, Бирма, Қытай және Жапонияда болып үлгерді, одан Гавай аралдарына ұшты.

Жобаның басты мақсаты - экологиялық таза технологиялардың мүмкіндіктерін көрсету.