Күн батареясымен ұшатын Solar Impulse ұшағы АҚШ аумағындағы сынағын сәтті аяқтады

АСТАНА. 7 шілде. ҚазАқпарат - Күн батареяларымен ұшатын Solar Impulse ұшағы кеше Нью-Йорк әуежайына қону арқылы өзінің АҚШ аумағы бойынша ұшу сынағын сәтті аяқтады.
None
None

Бұл жайында Associated Press хабарлады.

Атап айтқанда, Solar Impulse-нің аталған елдің аумағымен ұшуды мамырдың басында Калифорниядан бастаған еді. Оның қонуы белгіленген уақыттан бірнеше сағат бұрын іске асырылды. Бұған ұшақтың сол қанатына зақым келуі себеп болған көрінеді. Кейін белгілі болғандай, ұшқыштың өміріне қауіп төнбеген.

Solar Impulse ұшағы жылдамдықты сағатына 45 мильге дейін (72 км/сағ) жеткізе алады. Ол 9 шақырым биіктікке көтерілуге қауқарлы. Ұшақтың энергиямен қамтылуын 11 мың гальвантикалық элемент қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, бұл жоба 2003 жылдан бері жүзеге асырылды. Оның бюджеті 10 жылдың ішінде 112 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар