12:31, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Күн батареясымен ұшатын ұшақ Каирге қонды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Solar Impulse 2 әлемдік саяхатын жалғастыруда. Бұл жолы ол испаниялық Севильядан Мысырға ұшты, деп хабарлайды life.ru.
Күн батареясымен Испаниядан Каирге ұшу үшін екі күн уақыт қажет болған. 11 шілде күні таңғы 6:20-да Севильядан ұшқан Solar Impulse 2 Каирге бүгін 13 шілде күні таңғы уақытта қонған.