Күн батпайтын аймақтардағылар қалай ораза ұстауда?
АСТАНА. ҚазАқпарат - Скандинавияның солтүстік бөлігінде тұратын мұсылман жамағатына қасиетті Рамазан айында ауыз бекітіп, ораза ұстауларына табиғаттың тосын қылығы кедергісін тигізіп келеді, деп жазады muslim.kz.
Олай дейтін себебіміз, Скандинавия аймағында жазғы кезеңде күн ұясына қонбайтынын ескертеміз.
Швеция мемлекетінің арктикалық аймағындағы Кирун қаласын мекендейтін 700-ге жуық мұсылман жамағаты аталмыш жағдай байланысты пәтуа беретін жергілікті дін басшылығына зәру болып отыр. Осы себепті де кейбір мұсылман бауырларымыз қасиетті Мекке шаһарындағы уақытпен сәйкес ауыз бекітсе, енді кейбірі Стокгольм шаһарының уақытымен ораза ұстауда.
Тура осындай тосын жағдай бұл аймақтарда қыс уақытында керісінше түрде орын алатынын да айта кетейік. Бұл аймақтарда күн көзі қыс уақытында 2 аптаға жуық уақыт бойы көрінбейді. Жер шарының бұл аймақтарында орналасқан мұсылмандар үшін күн көзінің ұзақ уақыт батпауы және шықпауы тек оразаға ғана емес, күнделікті намаз құлшылығына да айтарлықтай кедергісін келтіруде.