Күн бетінде қуатты жарқыл тіркелді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - АҚШ-тың ғарыш агенттігі НАСА Күн бетінде қуатты жарқылдың болғанын тіркеді және оның суреттерін жария етті, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Күн бетінде қуатты жарқыл тіркелді

Күн бетіндегі қуатты плазма жарылысы Күн жарқылы деп аталатын әмбеге аян. Кейінен ол бірнеше миллион шақырымға дейін атылады және бұдан соң ұсақ бөлшектері ғарышқа таралады. Бұл бөлшектер ғарышта магнит ағынын тудыратыны белгілі. Бүгінде НАСА Күнді зерттеу жөніндегі 5 жылдық бағдарламасын іске асыруда және Күн жарқылын бақылау осы бағдарлама аясында жоспарланған жұмыстардың бірі. НАСА ғалымдары кеше түнде болған жарқылды «Күн тәжінен бөлініп шыққан бөлшектердің керемет көрінісі» деп атады. Алайда Күн жарқылы Жерге қарай бағытталған жоқ. Сондықтан ол Жердің магнит өрісіне және ғарыштағы жасанды Жер серіктерінің жұмсына айтарлықтай әсер ете қоймайды.