Күн бұзылып, төрт өңірде 5 жол жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚазАвтоЖол күннің бұзуылуына байланысты 9 наурыз түнгі 22:00 дейін Қазақстанның бірнеше өңірінде жол жабылғанын хабарлады. 

жол жабылды
Фото: Kazinform

Атап айтқанда 4 облыста республикалық маңызы бар 5 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Шығыс Қазақстан облысында — жалпы ұзындығы 160 км бір автожол 

  • «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатонқарағай-Рахман қайнары», Берел ауылы — Рахман қайнары (автокөліктің барлық түріне)

Қарағанды облысында — жалпы ұзындығы 118 км бір автожол

  • «Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау облысы шекарасынан Топар ауылына дейін
    (автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында — жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін (көліктің барлық түріне)

Ұлытау облысында — жалпы ұзындығы 543 шақырымды құрайтын 2 автожол

  • «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау кентінен Қостанай облысы шекарасына дейін (барлық көлік түріне)
  • «Қызылорда-Павлодар» — Жезқазған қаласы — Қарағанды облысы шекарасы. 

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдардың қысқы күтіміне 350 техника және 395 жолшы жұмылдырылған.