Күн қайта ысиды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклоны мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соның салдарынан жаңбыр мен бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік және шығыс өңірлерде жауын-шашынды болады.
Маусым соңына қарай республика аумағына батыс антициклон ығысып, сонымен байланысты жауын-шашын тоқтайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман болады.
Батыста қатты ыстық 35-38 градус күтіледі, 24-25 тамызда солтүстік-батыста қатты ыстық 35 градус болады. Көптеген облыста ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: солтүстік өңірлерде 25-30 градусқа дейін, Қазақстанның орталығында 22-32 градусқа дейін, кей жерлерде қатты ыстық 35 градусқа дейін, оңтүстікте 30-38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 27-35 градусқа дейін, таулы аймақтарда 20-27 градусқа дейін көтеріледі. Тек шығыс Қазақстанда температуралық жағдайда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.